Мирзияев Ташкентті қауіпсіз қалаға айналдырмақшы

Мирзияев Ташкентті қауіпсіз қалаға айналдырмақшы

Мирзияев Ташкентті қауіпсіз қалаға айналдырмақшы
ашық дереккөзі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі Юнусабад ауданының ішкі істер басқармасының қарауындағы видеобақылау орталығына барды. Ол жақын арада орталық кеңейіп, арнайы бөлімшелер ашылатынын хабардар етті. Мирзияев үздіксіз бақылау орнатылған тәжірибені Қытайда көргенін, Ташкентті де осындай қауіпсіз қалаға айналдырғысы келетінін мәлімдеген. «Ташкент – қауіпсіз қала» тұжырымдамасына сәйкес, бір жүйе құрылады. Оның құрамына ішкі істер министрінің бір орынбасары кіреді. Ол тікелей осы қызметке жауапты болады», - деді президент. Ташкентте 2017 жылдың 1 қыркүйегінен 2019 жылға дейін аталған жүйе тәжірибе ретінде жүргізілмекші. Президенттің айтуынша, таяуда Ташкентте 505 аудан әкіміне және учаскелік инспекторларға арнап оқу курсын өткізеді. Олар әрі қарай заманауи видеобақылау құрылғыларымен жұмыс істейтін болады. Егер тәжірибе сәтті шықса, видеобақылау құрылғыларын басқаратын орталық елдің барлық аймақтарында іске қосылмақ.   https://www.youtube.com/watch?v=5fRrlSsBnns