Жаңалықтар

2,6 мың тәжік азаматы Түркияның қара тізіміне енген

ашық дереккөзі

2,6 мың тәжік азаматы Түркияның қара тізіміне енген

Түркияның ІІМ-нің 14 шілдеде "Ислам мемлекетімен" күрес жөнінде жариялаған баяндамасында қара тізімге енген азаматтардың террористік ұйымдармен байланысы бар деп күдікке ілінгені айтылған. Түркияның құқық қорғау мекемесі биыл миграция қызметі шекара арқылы Сирияға өтпек болған 308 Тәжікстан азаматын еліне депортациялағанын айтады. Олардың бәрі экстремистік топтың құрамына қосылмақ болды дейді. Қара тізімге жалпы әлемнің 146 мемлекетінің 54 мың азаматы кірген. Орталық Азиядан ең көбі Тәжікстан азаматтары. Олардың саны – 2651. Қара тізімде Қазақстан азаматтары да бар. Олардың саны - 1914. Ресейдің 4 128 азаматы да Түркия билігінің "қаһарына" ұшыраған.