Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Ақтауда кешіктірілген рейстердің басым бөлігі ұшырылды

Ақтау әуежайындағы кешіктірілген рейстердің басым бөлігі ұшырылды. «SKAT» әуе компаниясының кешегі кешіктірілген рейстерінің көбі бүгін жөнелтілді және ұшуға дайындалып жатыр, деп мәлімдеді Ақтау әуежайының қызметкерлері «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау әуежайынан ұшатын «SKAT» әуе компаниясының авиарейстері екі тәулікке кешіктірілді. Олар «Ақтау-Атырау», «Ақтау-Алматы», «Ақтау-Шымкент», «Ақтау-Астана», «Ақтау-Махачкала» бағытындағы ұшақтар. «Ақтау-Атырау» бағытындағы ұшақ бізге берілген мәлімет бойынша, таңғы 6-да ұшуға тиіс болған, алайда, ол сағат 10-кезінде  ұшырылды. «Ақтау-Алматы», «Ақтау-Астана», «Ақтау-Шымкент» бағыттарының ұшу уақыты 10.30 деп белгіленді. «Ақтау-Махачкала» әлі қонған жоқ», – дейді дереккөздер.

Back to top button