Ауыл тұрғындарына 6 пайыздық қайтарыммен несие берілуде

Ауыл тұрғындарына 6 пайыздық қайтарыммен несие берілуде

Ауыл тұрғындарына 6 пайыздық қайтарыммен несие берілуде
ашық дереккөзі
Ауыл тұрғындарына 6 пайыздық қайтарыммен несие берілуде. Жұмыссыз ауыл тұрғындары, кәсібін өркендетуді жоспарлаған ауыл кәсіпкерлері биылғы жылдан бастап алдағы төрт жыл бойы бағдарлама бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ның облыстағы филиалдары арқылы жылдық 6 пайыздық қайтарыммен 500 мың теңгеден бастап 18 млн теңгеге дейін шағын несие алуларына болады, деп хабарлайды altaynews.kz. Ол үшін тұрғындар кәсіпкерлік негіздері курсын оқуы немесе «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификат алып, жобаларын қорғауы керек. Өскемендегі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы бағдарлама бойынша тұрғындарға (кооперативтер мен шағын несие ұйымдары, несие серіктестіктеріне кірмей ақ) тікелей «Бірлік», «Ынтымақ», «Береке», «Игілік», «Ырыс» сияқты аса қолайлы бағдарламалардың көмегімен сүт жинау пунктін, етті, сүтті бағыттағы ірі қара сатып алу үшін, мал бордақылау алаңдарын ашуға, ауыл тұрғындарына аса қолайлы деген өзге де шаруашылықтар түрімен шұғылдануға 6 пайыздық қайтарыммен 4-6 млн теңге көлемінде несие беріп жатыр. Тұрғындардың тиісті құжаттары толық тапсырылған жағдайда филиалдар олардың өтінімін 10-15 күн ішінде қарап, шешімін шығарады. Үржар, Ұлан, Жарма, Аягөз аудандарында жаңа бағдарлама арқылы несие алып жатқандар көп болса, кейбір аудандардан бірде бір адам алмаған.