Қасымов әкімдерден 1 млрд теңге сұрап отыр
Қасымов әкімдерден 1 млрд теңге сұрап отыр
Қасымов әкімдерден 1 млрд теңге сұрап отыр. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымовтың айтуынша, жол ережесін бұзу xаттамаларын электронды үлгіде рәсімдеудің арқасында құқық қорғаушылардың біраз уақытын үнемдеуге болады.
Алайда аталған жүйені толығымен іске қосу үшін 1 миллиардқа жуық ақша қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ашығын айту керек, бұл бастаманы толыққанды іске асыру үшін қомақты қаржы қажет. Бүгінде Астана бойынша 50 планшет пен терминал сатып алынды. Әкімдік жылдың аяғына дейін тағы 150 құрылғыны сатып алып береміз деп отыр. Алайда барлық жол-патрульдік қызметінің өкілдеріне 283 құрылғы қажет. Ал республика бойынша енгізу үшін ондай құрылғылардың 2 971 данасы керек. Оған шамамен 874 миллион теңге кетеді. Әкімдер бізге қолдау білдірсе, құқық қорғаушылардың жұмысын әбден жеңілдетуге болады», - дейді Қасымов. Айта кетейік, бүгін Астанада әкімшілік xаттамаларды электронды түрде рәсімдеу жүйесі таныстырылды. Оған сәйкес, жол-парульдік полиция қызметкерлері электронды xаттамаларды мобильді қосымшалар арқылы толтырады. Ал xаттаманың қағаз жүзіндегі көшірмесі көлік жүргізушісіне табысталады. Оған бар болғаны 3-5 минут кетеді.