Жаңалықтар

Қытайдың әлеуметтік желілері Винни Пухқа қарсы күрес бастады

ашық дереккөзі

Қытайдың әлеуметтік желілері Винни Пухқа қарсы күрес бастады

Интернеттің қытайлық сегментінде Винни Пухпен күрес басталды. Кеңестік мультфильмдердің белгілі кейіпкерінің суреттері Sina Weibo әлеуметтік желісінен алынып тасталуда, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Қытайдың Sina Weibo микроблогтар сервисінің әкімшілігі қонжықпен байланысты суреттер мен мәтінді жоюдың қамына кірісті. Мәселен, Винни Пух деп жазсаңыз, экранда «заңсыз контент» деген тіркес шығады. Сондай-ақ қонжықтың бейнесі бар бірнеше GIF-сурет «WeChat» хат алмасу сервисінен алынып тасталған. Sina Weibo өкілдері әзірге бұған қатысты ешқандай түсініктеме бермей отыр. Ел билігі интернетке қатысты жаңа шаралар қолға алынатынын ресми түрде жарияламаған еді. Шетелдік басылымның жазуынша, қытайлық сервистің мұндай әрекетіне кейінгі кездері блогерлердің Винни Пухтың досы Пятачокты ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жиі салыстыруы себеп болуы мүмкін.