Заңсыз сотталған азамат 5,7 миллион теңге өтемақы алды

Заңсыз сотталған азамат 5,7 миллион теңге өтемақы алды

Заңсыз сотталған азамат 5,7 миллион теңге өтемақы алды
ашық дереккөзі
15 жылға заңсыз сотталған Алматы тұрғыны мемлекеттен 5,7 миллион теңге өндіріп алды. Істің деректеріне сүйенсек, арыз беруші С. 14 жасқа толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен 2013 жылы қазанда ұсталған. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 2014 жылы 15 жылға сотталған еді. 2014 жылы қыркүйек айында апелляциялық сот коллегиясы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Содан кейін ер адам өзінің кінәсіздігін дәлелдеуді жалғастыра береді, 2015 жылы тамызда Алматы қалалық сотының кассациялық сот коллегиясының қаулысымен апелляциялық сот коллегиясының қаулысы өзгертіліп, іс Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясының қайта қарауына жаңа құрамда жіберілді. 2016 жылы қалалық соттың апелляциялық коллегиясы Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 27 маусымдағы үкімін алып тастап, істі қосымша тергеуге бағыттайды. Ақыры соңында 2016 жылы маусымда Алматы қаласы Түрксіб аудандық ІІБ тергеушісі қылмыс құрамының жоқтығына байланысты арыз берушіге қатысты қылмыстық істі тоқтатуға қаулы шығарады. Осылайша, сот  С. Я арыз берушінің заңсыз ұсталып, сотталғанын, түрмеде 2 жыл 7 ай 7 күн, яғни 890 тәулік отырғанын анықтады. Арыз беруші соттан материалдық шығын ретінде 3 551 981 теңге және моральдық шығын ретінде 50 миллион теңге төлеуді сұрады.