Сәтбаев қаласында қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды

Сәтбаев қаласында қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды

Сәтбаев қаласында қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын коммуналдық кәсіпорынның жұмысшысы картон қорабын тапқан. «Нәрестеде сараптама көрсеткендей, зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Соған қарамастан, алдын ала адам өлтірді деуге болады, себебі сәби дәрменсіз болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтiруi» бойынша қылмыстық іс тергелуде», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы міндетін атқарушы Батырхан Смаилов. Емханада есепте тұрған барлық жүкті әйелдерді полиция қызметкерлері тексеріп шығады.