"Қазавиақұтқару" директоры шетелдік компаниядан пара алды деп айыпталды

Алматыда ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры ұсталды, – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро.
«Биыл 13 шілдеде Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік компанияның жетекшісінен 50 мың АҚШ долларын құны 12 миллион АҚШ доллар тұратын «МИ-171Е» тікұшағын сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры М.Д.Досымбеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазавиаорманқорғау» РМКҚ» бас директоры Т.Т.Сексенбаевті ұстады», – делінген хабарламада.
Параның жалпы сомасы – 100 мың АҚШ доллары болған. Күдіктілер сот санкциясымен қамалып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.