Еліміздің ең жас дизайнері Миланда бас жүлдеге ие болды
Еліміздің ең жас дизайнері Миланда бас жүлдеге ие болды
Ayana style брендімен танылған еліміздің ең жас дизайнері Аяна Мұратова Миланда өткен сән конкурсында бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.
«Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған EXPO Fashion fest сән фестивалінде еліміздің ең жас дизайнері Аяна Мұратованың соңғы киім үлгілерінің көрсетілімі өтті. Бүгінгі шараға дизайнердің өзі қатыса алмады. Себебі ол қазір Миланда өтіп жатқан сән фестиваліне қатысып, бас жүлдеге ие болды», – деді фэшн фестивальдің ұйымдастырушысы Əйгерім Сүйіндікова. Ашық аспан астында өткен көрсетілімде дизайнердің жаңа топтамасының үлгілері таныстырылды. Дизайнердің киім үлгілерін Астана тұрғындары мен қонақтарына көрсеткен кішкентай сәнгерлер Ақтөбеден арнайы келген.
Айта кетейік, Аяна Мұратова кішкентай қыз балаларға арналған киімдер шығарумен айналысатын Ayana style брендінің негізін қалаушы. Ол 8 жасында Қазақстанның ең жас балалар дизайнері атанған болатын.