Тарбағатайда ұлы Абай мен Дәулетбай батырға еңселі ескерткіш қойылды

Тарбағатайда ұлы Абай мен Дәулетбай батырға еңселі ескерткіш қойылды

Тарбағатайда ұлы Абай мен Дәулетбай батырға еңселі ескерткіш қойылды
ашық дереккөзі
Барқытбелдің баурайында, қасиетті Тарбағатай жерінде, бұрынғы аудан орталығы – Ақжар өңірінде елдің көңілін серпілткен бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Ең әуелі Ақжар ауылының қақ ортасында ұлы Абайдың еңселі ескерткішінің ашылу салтанатты өтті. Салтанатты рәсімге ауданға еңбегі сіңген азаматтармен қатар ұлылар мекені - Абай елінен арнайы келген қонақтар аудандық Мәдениет бөлімі басшысының орынбасары Елдар Оразалин мен қаламгер Әсет Мырзақасым қатысты.  «Алаштың ғана емес, адамзаттың ақынына айналған Абай ескерткіші Парижде бар, Мәскеуде бар, Бейжіңде бар. Жалпы, ұлы ақынға еліміздің қай қаласына, қай ауданына, қай ауылына ескерткіш қойсақ та артықтық етпейді. Өйткені, Абай – барша қазақтың Абайы», - деді Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев ескерткіштің ашылу салтанатында. Биіктігі тұғырымен қоса алғанда 7 метрді құрайтын ескерткіштің авторы – Тарбағатайдың тумасы, есімі елге белгілі суретші Әлібек Шоқанов. «Бұл – менің Тарбағатай ауданындағы екінші Абайым. Былтыр Ақсуат ауылында һәкімнің мүсіні қойылған болатын. Ескерткішті сомдауға екі ай уақыт жұмсадым. Әрине, оңай болды деп айта алмаймын. Ұлы ақынға бұған дейін қойылған ескерткіштердің барлығын мұқият қарап шықтым.  Жүрек тұсында – оң қолы, сол қолында – кітабы. Сондықтан бұл жерге келген адам ақынның өлеңдерін, қара сөздерін еске алып, тұлға рухына бас иеді деп ойлаймын», - дейді ол. Бұл күні Ақжар ауылындағы «Балауса балғын» балабақшасы аумағында екі бірдей жылыжай кешені салтанатты түрде іске қосылды. Қос жылыжай бүгінде 200-ден астам балғын тәрбиеленіп жатқан тәрбие ошағындағы бөбектерді ғана емес, елді мекен тұрғындарын арзан бағадағы қияр және қызанақ өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.