Жаңалықтар

Елімізде түрмеде отырғандар саны азайды

ашық дереккөзі

Елімізде түрмеде отырғандар саны азайды

Биылғы жылы елімізде түрмеде отырған азаматтар саны азайған. Бұл туралы ҚАЖ Комитетінің төрағасы, әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалиннің қатысуымен өткен республикалық пенитенциарлық жүйесі ведомствосының орталық аппараты басшыларының кеңесінде мәлім болды.

Аталмыш кеңесте 2015 жылдың 1 қаңтарында заңдық күшіне енген жаңа ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерін тәжірибеде іске асыру мәселесі қаралды. 2015 жылдың басынан бері жаңа қылмыстық-атқару заңнамасын іске асыру аясында 7219 материал қаралып, нәтижесінде 200-дей адам түрмеден босатылып, 700-дей адамның жазасын өтеу мерзімі қысқарыпты. Сондай-ақ, қазір жүкті, кішкентай балалары бар әйелдерді, балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген адамдарды, 58 жастағы әйелдер мен 63 жастан жоғары ер азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі қарастырылуда. 1 мамырдағы деректер бойынша республикада түрмеде отырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 3100 адамға азайыпты.