Жаңалықтар

Теннисші қыздар жанкүйерге юбка кидіріп, теннис ойнатты

ашық дереккөзі

Теннисші қыздар жанкүйерге юбка кидіріп, теннис ойнатты

Бельгиялық теннисші қыз Ким Клейтерс Уимблдон матчы кезінде кеңес беріп қоймаған жанкүйердің өзін ойнауға шақырды. Бұл видеода Клейстерс автралиялық Ренне Стаббспен бірге испандық Кончита Мартинас және американдық Андреи Джегерге қарсы ойнап жатқан. Жанкүйер теннисшіге дұрыстап қайтаруға кеңес берген болатын. Содан кейін бельгиялық теннисші жанкүйер еркекті кордқа шығарып, қарсыласының орнына тұрғызды да, өзінің соққыларын қайтаруға бұйырды. Теннисші жанкүйердің киімдерінің Уимблдон талаптарына сай келмейтінін ескеріп, оған өзінің қосымша юбкасын да берді. Жанкүйер үш соққының екеуіне қайтара білді. Бұдан кейін кездесу жалғасты. Клейстерс пен Стаббс 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. https://www.youtube.com/watch?v=r5VN_TmMeNg