Араб елдері футболдан әлем чемпионатының Катарда өтуіне қарсы
Араб елдері футболдан әлем чемпионатының Катарда өтуіне қарсы
Алты Араб мемлекеті Халықаралық Футбол федерациясына (ФИФА) 2022 жылы Катарда өтуі тиіс әлем чемпионатын болдырмау жайында хат жолдады.
Турнирді ауыстыру жөнінде хатқа Сауд Арабиясы, Йемен, Мавритания, БАӘ, Бахрейн және Мысыр қол қойған. Олардың ала тартып отырған дәйегі "терроризмнің базасына айналған жердегі футболшылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігі".
ФИФА басшысы Джонни Инффантиноның мәлімдеуінше, ФИФА алты араб мемлекетінен хат алған. Маусым айының басында Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр Дохамен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзіп, оған терроризмге қолдау көрсетіп және өздерінің ішкі ахуалына араласты деп айыптаған болатын. Бұл шешімге кейіннен басқа мемлекеттер де қосылды.
Бұл мемлекет алғаш рет мундиальды қарсы алуы тиіс болатын. Сонымен қатар алғаш рет Таяу Шығыста өтуі керек еді.