"Қошқар мен теке" Қытайдан жүлдемен оралды
"Қошқар мен теке" Қытайдан жүлдемен оралды
Отандық «Қошқар мен теке» анимациялық туындысы Қытайдан жүлдемен оралды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «САҚ» киностудиясы түсірген бұл мультфильм Қытайдың Хонжу қаласында өткен анимациялық фильмдер фестиваліне қатысқан болатын.
Аталмыш фестивальде «Қошқар мен текеге» «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» деген екі бірдей номинация бұйырды. Хонжу қаласында өткен фестивальге 45 елден 800-ден астам студиялар қатысыпты. Фестивальге қатысу үшін әуелі іріктеуден өткен «Қошқар мен теке» анимациялық фильміне титр қытай тіліндегі дубляжбен жазылған екен. Үлкен фестиваль 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткен болатын. Ұйымдастырушылар 6 күнге созылған фестивальден мұндай марапат алатынын күтпегендіктерін айтады. Марапаттау рәсімінен кейін Қытайдағы анимация саласының белді маманы Гуо Джанг «Қошқар мен теке» мултьфильмі идеясының ерекше екеніне баса назар аударыпты. Туынды авторларының екі жануар арқылы Отан деген ұғымды балалардың санасына жеңіл сіңдіру әдісін таба алғанына ризашылығын білдірген. Екі бірдей номинацияға қол жеткізген «САҚ» студиясы Гонконг қаласының беделді компаниясымен бірігіп жұмыс істеу туралы меморандумға да қол қойып қайтты.