Түрмеден хат жазған ақтөбелік жігіт көрген қорлығы жайлы айтып берді

Түрмеден хат жазған ақтөбелік жігіт көрген қорлығы жайлы айтып берді

Түрмеден хат жазған ақтөбелік жігіт көрген қорлығы жайлы айтып берді
ашық дереккөзі

"Холдинг Ақтөбе Агро" компаниясында қызмет еткен Елдос Мұханбетжан абақтыда отырып, "Ақтөбе Таймс" басылымының редакциясына хат жазды және көпшіліктен көмек сұрады деп хабарлайды sn.kz.

 Биыл 31 мамыр күні Елдос пен компанияның екі жүргізушісін Экономикалық тергеу қызметінің мамандары ұстаған болатын. Оларға "Gold Steps" ЖШС-на газды заңсыз тасымалдады деген айып тағылып отыр.
Тергеушілердің пікірінше, көгілдір отын заңды құжаттарсыз тасымалданып келген көрінеді. "Көмектесіңіздер! Маған қандай қысым көрсетпесе де, қайда қамап тастамаса да жалған куәлік бергім келмейді. Бұлардың жасап отырған әрекеттерінің бәрі заңсыз. Кімнің не сатқанын және кімге сатқанын мен қайдан білемін? Мен компанияның директоры, директорының орынбасары немесе бухгалтері болған жоқпын. Мен қарапайым жұмысшы механикпін", - делінген күдікті Мұханбетжан жазған хаттың басында. Хатта ол өзіне қысым көрсетіліп, жалған куәлік беруді талап етіп отырғанын жазған. "Істі жүргізіп жатқан тергеуші мен бөлім басшысы менің қылмысты мойындауымды талап етіп отыр. Егер қажетті сөздерді айтып, жалған куәгерлік танытсам, үйіме жіберетінін айтты. Бірақ, мен біреуге жалған жала жапқым келмейді. Олар басшылығымның және өзге қызметкерлердің үстінен жалған куәлік етуімді талап етуде", - дейді хат иесі. "Мені туған-туыстарыммен кездестірмей, тіпті, телефон арқылы сөйлестірмей жатыр. Қорғаушы талап етсем, бұл талабымды да орындаған жоқ, яғни конституциялық құқығымды шектеуде. Мен не істерімді білмей отырмын, екі бүйрегім де ауырады. Уақытша тергеу абақтысында отырғаныма 1 ай болды. Мені тергеп жатқан ешкім де жоқ. Ешкім келмеді. Егер қажетті сөздерді айтпасам осында отыра беретінімді тергеуші келіп айтып кетті. Маған тікелей қысым көрсетіп жатыр", - дейді Е.Мұханбетжан. Ол сондай-ақ, "Gold Steps" ЖШС басшылырана компрамат жинау үшін компанияның механиктері мен жүргізушілерін қамауға алып, олардан да мәжбүрлеп куәлік алып жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін күдіктінің туыстары президент әкімшілігі мен Жоғарғы сотқа, Бас прокуратураға, адамдар құқығы жөніндегі омбудсменге және "Нұр Отан" партиясына хат жазып, ер азаматтың қамауда заңсыз отырғанын мәлімдеген болатын. Айтуларынша, Экономикалық тергеу қызметі күдіктінің туыстарын да бопсалап жатқан көрінеді.