Бейсенбі, 30 Наурыз, 2023

Әлемдегі ең бай әртістердің табысы жарияланды

Billboard басылымы 2016 жыл есебі бойынша ең көп табыс тапқан әртістердің тізімін жариялады. Тізімде әнші Бейонсе көш бастады. Ол бір жыл ішінде 62,1 миллион доллар табыс тапқан.

Roes

Америкалық Guns N« Roses хард-рок тобы екінші орыннан көрінді. Топ әншілердің табысы 42,3 миллион долларға тең.

Bruce-Springsteen

Үшінші орынға шыққан америкалық рок және фолк-музыкант Брюс Спрингстиннің табысы Guns N» Roses-тен 100 мың долларға кем.

drake-620x420

Ең бай әртістерің ондығына канадалық рэпер Дрейк, британдық әнші Адель, Coldplay ағылшын поп-рок-ұжымы,  Джастин Бибер, Люк Брайан және Кенни Чесни, америкалық рэпер Канье Уэст кірген.

Back to top button