Жаңалықтар

Әлемдегі ең бай әртістердің табысы жарияланды

ашық дереккөзі

Әлемдегі ең бай әртістердің табысы жарияланды

Billboard басылымы 2016 жыл есебі бойынша ең көп табыс тапқан әртістердің тізімін жариялады. Тізімде әнші Бейонсе көш бастады. Ол бір жыл ішінде 62,1 миллион доллар табыс тапқан. Америкалық Guns N« Roses хард-рок тобы екінші орыннан көрінді. Топ әншілердің табысы 42,3 миллион долларға тең. Үшінші орынға шыққан америкалық рок және фолк-музыкант Брюс Спрингстиннің табысы Guns N» Roses-тен 100 мың долларға кем. Ең бай әртістерің ондығына канадалық рэпер Дрейк, британдық әнші Адель, Coldplay ағылшын поп-рок-ұжымы,  Джастин Бибер, Люк Брайан және Кенни Чесни, америкалық рэпер Канье Уэст кірген.