Вьетнамда табиғат апатынан 14 адам қаза тапты
14 шілде, 2017 /
Ақниет ОСПАНБАЙ
Вьетнамда табиғат апатынан 14 адам қаза тапты
Вьетнамның солтүстігінде бірнеше апта бойы толассыз жауыннан су тасқыны мен лай көшікіні жүріп, 14 адам қаза тапты.
Бірнеше тұрғынның өлі-тірісі белгісіз. Аймақта 500-ден астам үй мен 1 жарым мың гектар күріш алқабы су астында қалған. Табиғат апатының салдарынан мемлекетке 2 млн долларға жуық шығын келді. Жалпы, Вьетнам халқы тропиктік дауыл мен тайфуннан жиі зардап шегеді. Өткен жылы желтоқсан айында елдің орталық аймағындағы су тасқыны 24 адамның өмірін қиған еді