Күн бетінде ірі дақтар пайда болды

Күн бетінде ірі дақтар пайда болды

Күн бетінде ірі дақтар пайда болды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі Күннің бетінде пайда болған дақтарды түсірген бейнетаспаны жариялады. Ол Күн динамикасы обсерваториясы арқылы алынған. Ғалымдар шырақтың бетіндегі дақтар таспада кішкентай болып көрінгенмен Жер планетасынан әлдеқайда үлкен екенін айтады. Мамандар құбылысты аспан денесінде белсенділік күшейсе, оның бетінде жарқылдар жиілеп, плазмалар атқылап күн желі күшті тұстарда тесіктер пайда болатынымен түсіндіреді. Белсенділік азайғанда құбылыс та бәсеңдейді екен. Ғалымдар да күндегі өзгерістерді осы дақтардың көбеюіне қарай анықтап отыратын көрінеді.