Алматыда полицейлер ұстау операциясын жүргізді

Алматыда полицейлер ұстау операциясын жүргізді

Алматыда полицейлер ұстау операциясын жүргізді
ашық дереккөзі
Алматыда күш құрылымдарының қатысуымен ұстау операциясы жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. "Бүгін түстен кейінгі уақытта Алматының Медеу ауданында ІІД жедел бөлімшесінің қызметкерлері қылмыс жасады делінген күдіктіні ұстады. Өзге мәлімет әзірше нақтыланбады", - деп хабарлады Әзірбек. Еске салайық, 12 шілдеде Алматы қалалық ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әл-Фараби даңғылындағы AFD plaza тұрғын үй кешенінің маңында есірткі сатумен айналысты делінген екі адамды ұстаған болатын. Олардан аса ірі көлемде наша тәркіленген.