Трамп Путинді Ақ үйге шақыруға дайын

Трамп Путинді Ақ үйге шақыруға дайын

Трамп Путинді Ақ үйге шақыруға дайын
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинді Вашингтонға шақыруға дайын, бірақ қазір емес. Ақ үй таратқан ақпаратқа қарағанда, америкалық лидер Франция президенті Эммануэл Макронмен кездесу үшін, Вашингтоннан Парижге ұшып бара жатқан жолында, ұшақ ішінде журналистерге сұхбат берген. Reuters-ке берген сұхбатында Трамп 7 шілдеде Гамбургтегі Путинмен алғашқы кездесуінде ресейлік лидер АҚШ-тағы сайлауға Кремльдің қатысы бар дегенді жоққа шығарді деген. Трамптың сөздерінше, ол Путинмен осы мәселені 20-25 минөт ғана талқылаған. Трамп пен Путин кездесуі Гамбургте G20 саммиті алдында өтті.