Маоның қолжазбасы 1 млн долларға сатылды

Маоның қолжазбасы 1 млн долларға сатылды

Маоның қолжазбасы 1 млн долларға сатылды
ашық дереккөзі
ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Мао Цзэдунның өмірінің соңғы кезінде жазған қолжазбасы Sotheby's аукционында 704 мың фунт стерлингке (1 млн доллар) сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, Мао Цзэдун бұл жазбаны 1975 жылы қытайдың классикалық әдебиет зерттеушісі Лу Дичаңмен кездесуі кезінде жазған. Сондай-ақ, сатылған қолжазбаның құны әуелгі бағасынан 10 есе жоғары болған. Мамандардың айтуынша, қолжазбадан Маоның жазуды қиналып жазғаны байқалады. Бұл қытайлық көсемнің өмірінің соңғы кездері денсаулығының нашарлауына байланысты болып отыр. Айта кетейік, бұған дейін Sotheby's аукционында Мао Цзэдунның Англияның лейбористер партиясының басшысы Клемент Эттлиге жазған хаты 900 мың АҚШ долларына және Энди Уорхол салған Мао Цзэдун портреті 12,69 миллион АҚШ долларына сатылған болатын. Мао Цзэдун ҚХР-дың негізін қалаушы, Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) басшысы. Мао ҚХР-ды 1949 жылы бастап басқарып, 1976 жылғы қыркүйектің 9 күні қайтыс болды.