8 жасар қостанайлық бүлдіршін сыныптасын құтқарамын деп ажал құшты

8 жасар қостанайлық бүлдіршін сыныптасын құтқарамын деп ажал құшты

8 жасар қостанайлық бүлдіршін сыныптасын құтқарамын деп ажал құшты
ашық дереккөзі
Қостанайлық сегіз жастағы Игорь Коцкий сыныптасының өмірін құтқарамын деп ажал құшқан, деп хабарлайды alau.kz.
Қостанай прокурорының орынбасары Мұрат Оспановтың айтуынша, қыз бала қорыққаннан Игордың ерлігі туралы бірден айта алмапты. Кейіннен ол екеуінің бірге шомылып жүрген кезде қатты ағыстың ағызып әкеткені белгілі болды. Бала өзінің өмірін қатерге тігіп, сыныптас қызды құтқарған. “Ол сыныптасын аман сақтап қалады. Қыз жағаға шыққанымен, баланың өзі батып кеткен. Ол ерлік жасап көз жұмды”, – дейді Оспанов. Баланың денесі Тобыл өзенінен табылған болатын. Оны полицейлер мен туыстары және еріктілер 8 күн бойы іздеген.