Жаңалықтар

Ресейліктердің 22 пайызы Трампты ұнатпайды

ашық дереккөзі

Ресейліктердің 22 пайызы Трампты ұнатпайды

Ресей басшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуінен кейін ресейліктердің Трампқа деген көзқарасы жақсарған. Ресейдің қоғам көзқарасын зерттеу орталығының жүргізген әлеуметтік зерттеулері бойынша, Путин мен Трамптың Гамбургтегі кездесуінен кейін Ресей халқының 27 пайызының Трампқа деген көзқарасы жақсарған. Бұл көрсеткіш сәуір айында 13 пайызды құраған. Ал ресейліктердің 22 пайызы Трампты ұнатпайды. Сәуір айында Трамп саясатын жақтырмайтындардың саны 39 пайыз болған.