Жаңалықтар

Көлік саудасы қыза түсті

ашық дереккөзі

Көлік саудасы қыза түсті

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы ресми дилерлер 18 858 автокөлік сатқан. Бұл 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда 11,3%-ға төмен, дегенмен 2017 жылдың маусым айындағы табыс (4176 көлік сатылымы) өткен жылдың маусымына қарағанда 12,6%-ға жоғары болып отыр. Бұл туралы "ҚазАвтоПром" хабарлады. Сәуір айы мен маусым аралығында Қазақстанның автокөлік нарығында соңғы екі жылға қарағанда өсім байқалған. Екінші тоқсанның нәтижесі бойынша республикада 11 282 жеңіл көлік сатылған және бұл өткен жылдың екінші тоқсанындағы көрстекіштен 4,3%-ға және осы жылдың 1 тоқсанына қарағанда 49,1%-ға жоғары. Осы жылдың бірінші жартысы бойынша қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алуға 471,7 млн доллар жұмсаған және көрсеткіш өткен жылға қарағанда 30%%-ға жоғары. Маусым айында автокөлік нарығы тағы 102,3 млн доллармен толықты. Сатылған автокөліктердің 12 799-ы (68%) импорт болса, 6059 сатып алушы (32%) қазақстандық автозауытта жасалған көліктерді сатып алған. Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие көлік Toyota: осы жылдың 6 айында жапондық марканың 3949-ы сатылған. Ал Lada моделінің сатылымы 3398 бірлікті құрады. Үшінші орында Ravon, осы маркалы 1293 көлік сатылған. Сондай-ақ, ең көп сатылған көліктердің бестігін Renault (1291 бірлік) және KIA (1171 бірлік) аяқтайды. Жеңіл көліктер моделінің сатылымы бойынша Toyota Camry седан (1475 единиц), жол талғамайтын көліктерден Lada 4x4 (1253) және Toyota Rav4 (789) көш бастап тұр. Ал есептік кезеңде жеңіл көліктерді сатып алу бойынша алдыңғы орында тұрған өңір әдеттегідей Алматы. Мегаполисте 6 айда 4675 көлік сатылған. Ал одан кейін Астана (3754), Атырау (1285), Шымкент (1148), Қарағанды (1131), Қостанай (1111) тұр.