Әлемде тағы да қаржы дағдарысы болуы мүмкін
Әлемде тағы да қаржы дағдарысы болуы мүмкін
Халықаралық Валюта қорының басшысы Кристин Лагард әлем мемлекеттерінің қаржы министрлерін жаңа дағдарысқа дайындалуға шақырды. Бұл туралы ол CNBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазды Qazaqtimes.
Соңғы онжылдықта орын алған дағдарыстарға қарап, жуық арада тағы бір қаржылық қиындықтың боларын болжау қиын еместігін айтқан Халықаралық Валюта қорының басшысы:
"Дағдарыс қайдан келетінін нақты білмейміз. Сондықтан барлық мемлекеттердің қаржы министрлеріне осындай күрделі жағдай туындай қалған сәтте, оны еңсеруге дайын болу керектігін ескерткім келеді", - деді. Сондай-ақ, Кристин Лагард мемлекеттердің қаржы секторын нығайту қажеттілігі туралы да өзінің пікірін білдірді.