Жаңалықтар

"Ислам мемлекеті" өз ішінде бөліне бастады

ашық дереккөзі

"Ислам мемлекеті" өз ішінде бөліне бастады

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының бірнеше содырлары Ирактың Найнава провинциясындағы Таль-Аффар қаласын жеке мемлекет ретінде жариялап, өздерін халифаттан тәуелсіз топ есебінде таныстырды. "Жаңа халифаттың" мүшелері жергілікті халықты қорқытып, олардың билігіне қарсылықсыз бағынуға шақырған. Таль-Аффардағы ұйымнан іргесін аулақ салып, бөлінген топ "Ислам мемлекетінің" басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидың өлімінен кейін, джихадшылардың бірлігіне сызат түсе бастағанын көрсетеді. Таль-Аффарда Абу Бакр әл-Бағдадидың жақтастарын жаппай тұтқынға алу жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, лаңкестік ұйым басшысының қазасын 11 шілде күні ресми растаған болатын. Оның орнына билікке кім келгені жарияланған жоқ.