Жаңалықтар

Алматыдағы қоғамдық көліктер арнайы жолақпен жүретін болады

ашық дереккөзі

Алматыдағы қоғамдық көліктер арнайы жолақпен жүретін болады

Алматы көшелерінде қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтар пайда болады, деп хабарлады «Колеса». Қаланың қоғамдық көліктері бұл жолақтармен маусым айынан бастап қолдана алады. Әзірге жолақ тек Алматыдағы ең үлкен көше – Абай даңғылын қамтымақ. Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, жолақ Абай даңғылы бойымен Достық пен Момышұлы көшелерінің арасында екі жақ бағытта жүргізілмек. Жеке автомобильдерге бұл жолақпен жүруге болмайды. Тек жедел жәрдем, өрт сөндіру көлігі сияқты арнайы транспорт құралдары ғана төтенше жағдай кезінде дабылын қосып жүруге құқылы болмақ. "Жол полициясымен бірге біз Абай даңғылының бойындағы қозғалысты ұйымдастырдық. Бізге маусым айының ортасына дейін уақыт берілді, оған дейін біз жұмыс істейміз. Ал 15 маусымнан бастап жол қозғалысы жаңа режимде жұмыс істейтін болады", – дейді Әбдірахманов.