Сан-Францискода бес ұшақ соғысып қала жаздады

Сан-Францискода бес ұшақ соғысып қала жаздады

Сан-Францискода бес ұшақ соғысып қала жаздады
ашық дереккөзі
Сан-Францискода диспетчерлер бес ұшақты соғысудан аман алып қалды, - деп хабарлайды CBC телеарнасы.  Air Canada әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы 7 шілдеде қонар сәтінде ұшу-қону айлағына барудың орнына басқару жолағына шығып кеткен. Ол жерде төрт лайнер тұрған. Алайда диспетчерлер дер кезінде ұшқышты қауіпті аймаққа өткені туралы ескертіп үлгерген. Ұшқыш екінші айналымға кетіп, қажетті орынға сәтті қонған.  "Егер бұл шындық болса, яғни ұшақтар соғысқанда, бұл әлемдегі ең ірі әуе апаты болар еді", - деді Aero Consulting Experts компаниясының бас директоры Росс Аймер. Көптеген жолаушылар осы оқиға туралы тек ұшақтан түскеннен кейін ғана жаңалықтардан білген. Ұшқыштың неге басқа жолға шығып кеткенін тергеу тобы анықтайтын болады.  Әлемдегі ең ірі әуе апаты Канар аралдарындағы Лос-Родеос әуежайындағы екі Boeing ұшақтарының соғысуы болған. Оқиға 1977 жылы 27 наурызда болған, 583 адам қаза тапқан еді.