Жаңалықтар

ОҚО-дан Ресейге 51 мың тонна қауын-қарбыз экспортталды

ашық дереккөзі

ОҚО-дан Ресейге 51 мың тонна қауын-қарбыз экспортталды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығаруда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Биыл облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы -қарбыз, 58 мың тоннасы - қауын. Аймақ диқандары қазіргі таңда жиналған бақша дақылдарын жергілікті сауда орындарынан бөлек, еліміздің өзге өңірлері мен шет елдерге экспортқа шығаруда. Мәселен, Ресейге 35 мың тонна - қарбыз, 16 мың тонна - қауын, ал Беларусь еліне 481 тонна қауын-қарбыз жөнелтілсе, Латвияға 127 тонна қауын эспортталған. Ал қалғаны ел нарығында сатылуда. Ал, бүгінде бақша дақылдарын егуде облыстағы ең ірі агро аймақ болып саналатын Мақтаарал ауданының тұрғындары 24 мың гектар жерге бақша өнімін еккен. Диқандар егілген қауын-қарбыздан 74 мың тоннадан астам өнім жинап, саудалаған. Олар өнімнің 70 пайызын шетелге, қалған 30 пайызын отандық нарыққа шығарған. Мақтаралдық диқандар былтыр эскпорт пен ішкі нарықты қоса есептегенде 7,6 миллиард теңгенің қауын-қарбызын сатқан. Бұл қаржының 70 пайызы шет елдермен арадағы саудадан түскен. Биыл егілген қауын-қарбыздың көлемі 1 мың гектарға артық, сондықтан да өнім көлемі мен түсетін табыс былтырғыға қарағанда жоғары болады деп күтілуде.