Жаңалықтар

Балмұздақ дәстүрін қалыптастыру қажет

ашық дереккөзі

Балмұздақ дәстүрін қалыптастыру қажет

Балмұздақ өндірушілердің айтуынша, Қазақстанда көпшілік балмұздақты жазда ғана және серуенге шыққанда жейді. Балмұздақты үйде жеу дәстүрі дамымай келеді. "Шин-лайн" директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин: "Жалпы Қазақстанда қыста балмұздақ сұранысы күрт азаяды. Солтүстік өңірлерде балмұздаққа сұраныс бар, ал оңтүстікте әсіресе Шымкентте қыстың күні мүлде балмұздақ өтпейді" дейді. Өндірушілердің айтуынша, Еуропа елдерінде балмұздақды кешкі астан кейін дисерт есебінде жеу дәстүрге енген, сондықтан мұнда балмұздақ саудасы жақсы. Жалпы, Еуропа елдерінің өз өндірушілері мен белгілі брендтері қалыптасқан. Мұнда балмұздақ нарығын жаулап алу немесе басқа дәммен таң қалдыру мүмкін емес. Ал Шығыс Еуропа мен Орта Азия, Қытайда нарыққа шығуға кедергі жоқ. Айталық, қазіргі таңда "Шин-Лайн" компаниясының өнімдері Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия және Әзірбайжанға экспортталады.