Түркіменстан мемлекеттік телеарналарын қаржыландыруды доғарады

12 шілде, 2017 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Түркіменстан мемлекеттік телеарналарын қаржыландыруды доғарады
Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары мен радио станциялары бұдан былай бюджеттен қаржыландырылмайды. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Түркіменстан президентінің 7 шілде күнгі жарлығына сәйкес, теле-радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетті шаруашылық есепке аударған. 2018 жылдан бастап бұл саланы мемлекеттік қазынадан қаржыландырылу біртіндеп тоқтатылады. Үкіметтің шешімі бойынша, теле-радио хабар тарату жүйесі жарнама арқылы түскен табыстан өз шығындарын, өздері жабады. Қазіргі уақытта Түркіменстанда мемлекеттік "Алтын Асыр", "Яшлык", "Мирас", "Түркіменстан", "Ашхабад", "Түркімен овазы" "Түркіменстан спорт" деп аталатын 7 телеарна және "Чар тарапдан", "Мирас", "Оваз" және "Ватан" деп аталатын 4 радио канал жұмыс істейді. Бұлардың бәрі мемлекет тарабынан қаржыландырылады. Түркіменстанның мемлекеттік телеарналарындағы бағдарламаларды ел президенті қазіргі дамуға сәйкес келмейді деп бірнеше рет сынаған.