Жаңалықтар

Қытай билігі 200 қазаққа іздеу салды

ашық дереккөзі

Қытай билігі 200 қазаққа іздеу салды

Қытай билігі киберкеңістікті, белсенді желі қолданушыларын, билікті сынайтындарды бақылауын белсенді түрде жалғастыруда. Осы орайда Шыңжаңның құзырлы органдары Бейжің билігін сынаған аудиожазбаны таратты деген күдікпен тегі қазақ 200 Қытай азаматына іздеу салды. Бұл туралы Regnum порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

 Нақтыланбаған мәліметке сәйкес, билік тыйым салған аудиожазбаларға қол жеткізген этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері қудалауға ұшыраған. Бұл туралы аудиожазба жария етілген интернет-қауымдастықтың бір мүшесі мәлімдеген. Аталған хабарды ер адам құжат жүзінде дәлелдей алған жоқ. Себебі ол Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын жақындарының қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр. Интернеттегі қатаң бақылаудан бөлек, Қытайдың құзырлы органдары ақпаратты таратқан барлық адамды есепке алмақшы. Осыған байланысты 26 маусым мен 1 шілде аралығында барлық Шыңжаң тұрғындарына уақытша ұялы телефондары мен компьютерлерін және хабар таратын барлық құрылғыларын тапсыру бұйырылған. Айта кетейік, бұған дейін ел билігі этникалық қазақтардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндей бермей отырғаны айтылған. Мәселе Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны кесіп өтуге тыйым да болып отыр. Осылайша этинкалық қазақтар көрші елдегі туыстарына барып-тұру мүмкіндіктерінен айырылған.