Жаңалықтар

Елімізде ерлерге қарағанда жоғары білімді әйелдер көп

ашық дереккөзі

Елімізде ерлерге қарағанда жоғары білімді әйелдер көп

Әйелдердің білімі жоғары, алайда жұмысқа орналасуы қиын. Әйелдердің 80 пайызы жоғары және орта кәсіби білімі бар, ал ерлерде тек - 73 пайыз. Соған қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші әйелдерде - 5,5 пайыз, ерлерде - 4,4 пайыз. Бұл мәліметтерді Ranking сараптама қызметі келтіріп отыр. Тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіштері 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша келтірілген. Жазда (мамыр қорытындысы бойынша) елімізде жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны 8,54 миллион болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш - 8,48 миллион адам еді. Яғни бір жыл ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 0,8 пайызға өскен. Олардың ішінде ер адамдар - 0,9 пайыз, әйелдер - 0,7 пайыз. Жалдамалы жұмысшылар саны - 6,4 миллион (75,2 пайыз) адам, өзін жұмыспен қамтушылар саны - 2,1 миллион (24,8 пайыз) адам. Жұмыс істеушілердің жасы - 15-тен басталады. 2017 жылдың 1 тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға өсіп, 8,89 миллион адамға жеткен. Жұмыспен қамтылған ер адамдар саны 52 пайыз болғанымен, жоғары білімі бары тек - 46,1 пайыз. Әйелдердің білім деңгейі ерлерден жоғары: 34,5 пайыз ерлердің жоғары білімі бар, ал әйелдердікі - 43,8 пайыз. Жалпы жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 39 пайызының жоғары білімі бар. Орташа арнайы білімі барлар саны - 37,5, ал жалпы орта білімі барлар - 17 пайыз. Жұмыссыздық мәселесі 25-34 жас аралығында жиі кездеседі: 6,1 пайыз - ерлер, 7,7 пайыз - әйелдер. Қолайсыз жұмыспен қамтылған әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда төмен. 2016 жылдың қорытындысы бойынша орта есеппен ерлердің жалақысы - 169,35 теңге, ал әйелдер - 116,1 мың. Бұл дегеніміз 31,4 пайыз төмен. Жалпы 2016 жылы Қазақстанда жалақының орташа есебі - 142,35 мың теңге болды, оның алдында - 126,02 мың болған еді.