Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023

Елімізде ерлерге қарағанда жоғары білімді әйелдер көп

Әйелдердің білімі жоғары, алайда жұмысқа орналасуы қиын. Әйелдердің 80 пайызы жоғары және орта кәсіби білімі бар, ал ерлерде тек – 73 пайыз. Соған қарамастан, жұмыссыздық көрсеткіші әйелдерде – 5,5 пайыз, ерлерде – 4,4 пайыз. Бұл мәліметтерді Ranking сараптама қызметі келтіріп отыр. Тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіштері 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша келтірілген.

Жазда (мамыр қорытындысы бойынша) елімізде жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны 8,54 миллион болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш – 8,48 миллион адам еді. Яғни бір жыл ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 0,8 пайызға өскен. Олардың ішінде ер адамдар – 0,9 пайыз, әйелдер – 0,7 пайыз. Жалдамалы жұмысшылар саны – 6,4 миллион (75,2 пайыз) адам, өзін жұмыспен қамтушылар саны – 2,1 миллион (24,8 пайыз) адам. Жұмыс істеушілердің жасы – 15-тен басталады.

2017 жылдың 1 тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға өсіп, 8,89 миллион адамға жеткен. Жұмыспен қамтылған ер адамдар саны 52 пайыз болғанымен, жоғары білімі бары тек – 46,1 пайыз. Әйелдердің білім деңгейі ерлерден жоғары: 34,5 пайыз ерлердің жоғары білімі бар, ал әйелдердікі – 43,8 пайыз. Жалпы жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 39 пайызының жоғары білімі бар. Орташа арнайы білімі барлар саны – 37,5, ал жалпы орта білімі барлар – 17 пайыз.

Жұмыссыздық мәселесі 25-34 жас аралығында жиі кездеседі: 6,1 пайыз – ерлер, 7,7 пайыз – әйелдер. Қолайсыз жұмыспен қамтылған әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда төмен. 2016 жылдың қорытындысы бойынша орта есеппен ерлердің жалақысы – 169,35 теңге, ал әйелдер – 116,1 мың. Бұл дегеніміз 31,4 пайыз төмен. Жалпы 2016 жылы Қазақстанда жалақының орташа есебі – 142,35 мың теңге болды, оның алдында – 126,02 мың болған еді.
 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button