Газ жарылысынан 80 жастағы кейуана қаза тапты

Газ жарылысынан 80 жастағы кейуана қаза тапты

Газ жарылысынан 80 жастағы кейуана қаза тапты
ашық дереккөзі
Пәтердегі газ жарылысынан зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі хабарлады. 
 Газ жарылысы "Орбита-4" шағын ауданындағы №11 үйдің төртінші қабатында болған. Үйдегі 45 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылған.
"Орталық қалалық ауруханаға жеткізілген науқастың хәлі өте ауыр болатын. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, баллон жарылысы кезінде алған жарақатынан қаза тапты", — деп хабарлады қалалық ТЖД өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Ал 4-ші қалалық ауруханаға жеткізілген екінші науқастың жағдайы туралы дәрігерлер кейінірек хабарлайды.