Ресей АҚШ дипломаттарын елден алшақтатуды көздеп отыр
Ресей АҚШ дипломаттарын елден алшақтатуды көздеп отыр
Ресей АҚШ-тың 30-ға жуық дипломатын еліне қайтарып, Американың дипломатиялық иеліктерін жабу туралы шешім шығаруы мүмкін. Бұл туралы «Известия» басылымы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап жазды.
Аталған ақпаратты мемлекет Президенті Владимир Путин әлі растаған жоқ. Осыдан бұрын Барак Обама тұсында Ресей АҚШ-тағы дипломатиялық иеліктеріне салынған санкцияны алып тастау туралы Дональд Трамп әкімшілігінің оң жауабына үміт артылып келген. Дегенмен екі ел басшысының кездесуі кезінде де бұл қайшылықтың ортақ мәмілесі табылмаған сияқты. Жоғарыда көрсетілген шешім күшіне енсе, бұл Ресейдің АҚШ-тың 35 дипломатын елден шығарып жіберген «әрекетіне» жауабы болады.
Алдын-ала келісім бойынша жуырда Санкт-Петербургте Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков пен АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Томас Шеннон кездесуі керек. Егер осы келіссөздер барысында талқыға түсіп отырған мәселе шешімін таппаса, онда АҚШ елшіліктерінің басына «қара бұлт» үйірілгелі тұр.