Қазақстан мен Германия инновациялық орталық құрмақ

Қазақстан мен Германия инновациялық орталық құрмақ

Қазақстан мен Германия инновациялық орталық құрмақ
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Германия бірлескен инновациялық орталық құрады. Бұл туралы Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің басқарма төрағасы Марат Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан бұл жобаға демеуші болады. Ал германиялық тарап өздерінің мол тәжірибесімен бөліседі. Жаңа орталықта жоғары оқу орындарының, атап айтқанда, Назарбаев Университеті мен Қазақ-Британ техникалық оқу ордасының қызметкерлері оқиды. Ал жобаның алғашқы 5 жылдық бюджеті шамамен 15 миллион доллар болмақ. Айта кету керек, бүгін елордада өткен Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің X отырысында екі ел арасында 22 коммерциялық келісімге қол қойылды. Ұсынылған жобалардың бесеуі жаңартылатын энергия көздері саласында жоғары технологиялы өндірістерге жатады. Марат Омаров, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы: – Бұл ең алдымен бізге білікті кадрлар дайындауға мүмкіндік береді. Алаңда қосарлы оқыту тәсілі қолданылады, яғни оқу және тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері беріледі. Әзірге бірлескен инновациялық орталық құруды ғана талқыладық. Бізден қаржыландыру, неміс әріптестерімізден ноу-хау, білім, бірінші білім беру модульдері, тренингтер, тәжірибелік семинарларды күтеміз.