Жапониядағы су тасқыны құрбандары 25-ке жетті

Жапониядағы су тасқыны құрбандары 25-ке жетті

Жапониядағы су тасқыны құрбандары 25-ке жетті
ашық дереккөзі
Жапониядағы су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 25 адам қаза тапты. Бұған дейін 15 тұрғынның көз жұмғаны хабарланған еді. Тағы ондаған кісі із-түссіз жоғалып кетіп, әлі табылмай жатыр. Ал елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралындағы табиғат апатына өткен аптада басталған нөсер себеп. Салдарынан тасыған су мен лай көшкіндері үйлерді және тас жолдарды қиратып кетті. Апаттан 500 мыңнан астам адам зардап шекті. Іздестіру-құтқару жұмысына мыңдаған маман мен әскерилер тартылған. Қазір олар лай көшкіні жүреді деген қауіпті аудандарға қарай өтуге күш салып жатыр. Ал ауа райын болжау қызметі аралда жауынның әлі жалғасатынын айтады.