Елімізде тауар бағасы түсуі мүмкін

Елімізде тауар бағасы түсуі мүмкін

Елімізде тауар бағасы түсуі мүмкін
ашық дереккөзі
Орталық Азияда көтерме-бөлшек сауда орталықтарын ашу бойынша ауқымды жобаның іске қосылуына байланысты алдын ала жасалған деректер бойынша Қазақстандағы тауар бағасы айтарлықтай төмендемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көтерме-бөлшек сауда орталықтарының жүйесі аталған аймақтағы елдерде азық-түлік, көкеніс, халықтық тауарлар сатумен айналысатын сауда кәсіпорындарының базасына негізделген. Енді орталық базасында белгілі туарлар сақталатын болады. Оны көтерме және бөлшек саудамен айналысатындар алдын ала тапсырыс бойынша да ала алады. «Бұрын саудагерлер тауарға өзі баратын болса, енді оны орталыққа жеткізетін боламыз. Сатушыға енді Қырғызстанға барып, алып-сатарларды жалдаудың қажеті жоқ. Енді осы жүйе бойынша тауар арадағы делдалсыз тікелей орталықтарға түседі. Соның арқасында баға төмендейді. Тауар консигнация шарты бойынша сатылады, яғни, консигнант (тауар иесі) тауарын қоймаға өткізу арқылы сатушыға бере алады. Осы жағдайда, тауар толығымен сатылғанға дейін иесінің мүлкі болып есептеледі. Бұл тауар айналымына дем береді»,-деді Қазақстан Сауда кәсіпорындары қауымдастығының президенті Нұрсадық Әбішев. Көтерме-бөлшек сауда орталықтары жобасына қазақстандық тараптан Алматыдағы «Мизам» сауда орталығы, Астанадағы «Биг Шанхай», Атыраудағы «Дина» кешені қатысса, Қырғыз елі тарапынан Орталық Азиядағы ірі сауда орны «Дордой» базары енбек. Болашақта жобаға Өзбекстан мен Ресейдің де қатысуы ықтимал. Қазіргі уақытта Қазақстан Сауда кәсіпорындары қауымдастығы, Қырғызстан базарлар мен сауда кәсіпорындары қызметінің қауымдастығы және «Союзплодовощ» халықаралық қауымдастығы аталған жобаға 30 млн теңге инвестиция салды. 8 тамыздан бастап, онлайн-алаңдардың толық нұсқасы іске қосылады.