Қытай Қазақстан жүгерісіне қызығушылық танытуда

Қытай Қазақстан жүгерісіне қызығушылық танытуда

Қытай Қазақстан жүгерісіне қызығушылық танытуда
ашық дереккөзі
 Қытай Қазақстан жүгерісіне қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін  Қазақ-Қытай аграрлық-инвестициялық форумында China Xinjan International Agriculture Co. LTD» Лу Юучи айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі уақытта біз астық тасымалын жүзеге асырып жатырмыз. Алайда бұл өнімге деген сұранысты толықтай қанағаттандырмайды. Яғни, сұраныс үлкен. Бірақ, біз таңдап алып отырған логистика үлгісі толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Қазақстан мен Қытайдың шекаралық бекеттерінде сақтау қоймаларын салу керек. Дегенмен, аталған қоймалар құрылысын қаржыландыру қайдан алынады? Бұл мәселені де Қазақстан тарабымен талқылауымыз керек», - деді ол. Лу Юучи көтерген екінші мәселе жүгері болды. Оның айтуынша, Шыңжаң өлкесі қазақстандық жүгері импортына қызығушылық танытып отыр. «Біз қытай тарабынан жүгері тасымалдауға рұқсат алдық. Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстан аталған өнімді тасымалдау туралы хаттамаға қол қоймады. Сондықтан бұл мәселеде мемлекеттің және мүдделі ұйымдардың қолдауы қажет. Болашақта біз Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы тығыз серіктестікке, өзара пайдалы әрі тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді ол.