Ақ үй Ресейге қатысты жаңа санкцияны енгізуді қолдады

Ақ үй Ресейге қатысты жаңа санкцияны енгізуді қолдады

Ақ үй Ресейге қатысты жаңа санкцияны енгізуді қолдады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ресей және Иранға қатысты жаңа санкцияларды қолдады. Алайда, заң жобасы қазір Конгрестің қарауында. Бұл жөнінде Ақ үйдің заң шығару мәселелері жөніндегі өкілі Марк Шорт мәлімдеді. Оның сөздерінше, маусым айының ортасында заң жобасын АҚШ сенаты қабылдаған. Бұл Конгрестің сыртқы саясат жөніндегі 585 мүшесіне үлгі болатын жағдай. Егер АҚШ президенті санкцияларды жеңілдеткісі, не алып тастағысы келсе, Конгресс дауысқа салуы керек. 14 маусымда АҚШ сенаты Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауына араласуына жауап ретінде санкцияларды кеңейту жөнінде заң жобасын мақұлдаған. Жаңа санкциялар ресейлік барлау және қорғаныс саласының қызметкерлеріне қарсы бағытталған. Сонымен бірге Ресейдің темір жол, өндіріс ошақтарына да қатысты болуы мүмкін. Онда адам құқықтарын бұзғандарды жазалау қарастырылған. АҚШ-тың бірқатар мұнай және энергетикалық компания өкілдері Ресейге қарсы санкцияларды қатайтуға қарсы. Олардың пікірлерінше, бұл америкалық компаниялардың жағдайын әлсіретеді.