Ұшақ әжетханасынан ондаған келі алтын құймалары табылды

Ұшақ әжетханасынан ондаған келі алтын құймалары табылды

Ұшақ әжетханасынан ондаған келі алтын құймалары табылды
ашық дереккөзі
Жапониядағы Кансай халықаралық әуежайының қызметкерлері Тайваннан шықққан Vanilla Air әуе компаниясының әжетханасынан салмағы бірнеше ондаған келі алтын құймаларды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұшақ әуежайға жексенбі күні таңертең келген. Қонғаннан соң әуе компаниясының қызметкерлері әуежай қауіпсіздігі қызметіне ұшақтағы әжетханалардың бірінің қаптамасы түсініксіз болып тұрғанын мәлім еткен. Тексере келгенде оның ішіне салмағы бірнеше ондаған келі тартатын алтын құймалардың жасырылғаны анықталды, деп хабарлайды NHK телеарнасы. Қазіргі уақытта қауіпсіздік қызметі осыншама алтынды кімнің, қай уақытта тыққандығын тексеріп жатыр.