Қазақстан білім беру сапасы жөнінен 49-орынға көтерілді

Қазақстан білім беру сапасы жөнінен 49-орынға көтерілді

Қазақстан білім беру сапасы жөнінен 49-орынға көтерілді
ашық дереккөзі

Әлем елдеріндегі білім беру сапасының рейтингі жарияланды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлеген тізімнің көш басында Азия елдері тұр.

Аталмыш рейтинг математика және жаратылыстану ғылымдарына арналған халықаралық тестің нәтижесінде жасалыпты. Тізімді дайындау үшін 76 елдегі емтихан бағалары салыстырылған. Білім беру сапасы ең жоғары болып Сингапур танылса, одан кейінгі орындарға Гонконг пен Корея жайғасқан. Ал үздік бестікті Жапония мен Тайвань елдері қорытындылапты. Қазақстан бұл тізімде 49-орынға жайғасты. Еліміз білім сапасы жөнінен Армения, Иран, Малайзия сынды мемлекеттердің алдын орап кетті. Аталмыш тізімде Ұлыбритания 20-шы, АҚШ 28-ші, Ресей 34-ші орынға орналасқан.