Жаңалықтар

Ақтөбеде дала өрті көбейіп тұр

ашық дереккөзі

Ақтөбеде дала өрті көбейіп тұр

Ойыл ауданында дала өрті көбейді. Қазіргі уақытта Саралжын, Қараой, Ақшатау ауылдарындағы өрт сөндірілген. Қызыл жалынды сөндіруге еріктілер мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz. «Дала өрті көп. Құрғақ шөп жанды. 5 шілде күні екі күн бойы далалық өртенді. Ойыл ауданынан 40 шақырым қашықта 40 гектар, Саралжын ауылының маңында 42, ал Қараой ауылы жанында 43 гектар жер жанып кетті. Қазіргі уақытта өрт түгел сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге еріктілер мен арнайы өрт сөндірушілер жіберілді», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Сәлима Төлегенова. Сонымен қатар, Мәртөк, Әйтеке би, Мұғалжар, Қобда, Байғанин аудандарында дала өрті тіркелді. «Ойыл ауданы, Ақшатау елді мекенінің Көкбөгет ауылы маңында құрғақ шөп жанды. Ауылға 10 шақырым жақындап қалды», — деді Сәлима Төлегенова.