Қарақұрт шағып алған қойшы аман қалды

Қарақұрт шағып алған қойшы аман қалды

Қарақұрт шағып алған қойшы аман қалды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Ноғайты ауылында қой бағып жүрген малшыны қарақұрт шағып алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz. «Ноғайтыда 48 жылы туылған ер адамды қарақұрт шағып алған. Ол шаруа қожалығында мал бағып жүрген. Жәндік шағып алғандамды бірден аудандық ауруханаға салдық. Қазір қой ауылдан жеткізілген ол адамның жағдайы жақсы», — дейді «Ноғайты-Жарлы» селолық округтерінің дәрігері Бектемір Абибуллин. Байғанин өңірінде экологиялық жағдай жақсы емес. Бұрғылау орындары, мұнай қалдықтары төгілетін Байғанин ауданының тұрғындары ауаның ластығынан әртүрлі ауруларға шалдығып жатыр. «Бізде жүректен, қан қысымының көтерілуіне қатысты шағым айтатындар көп. 2650 тұрғыны бар біздің ауылда 76 адам қан қысымының жоғарылығымен есепте тұр. Ауылда есепке алынбай тұрғандары қаншама?! 11 адам жүрекпен ауырады. Ауа таза емес», — дейді ауыл дәрігері.