Дизельдік отынмен жүретін көліктер саудасына тыйым салынады

Дизельдік отынмен жүретін көліктер саудасына тыйым салынады

Дизельдік отынмен жүретін көліктер саудасына тыйым салынады
ашық дереккөзі
Францияда 2024 жылы жағармаймен және дизелдік отымен жүретін автокөліктердің саудасына толық тыйым салынады. Бұл туралы   аталған елдің энергетикаға өту жөніндегі министр Николя Юлоға сәлтеме жасап, Energyworld жаңалықтар порталы хабарлады. 
Аталмыш ақпарат көзінің айтуынша, министр бұл мәлімдемесін Париж қаласында өткен елдің экологиялық ахуалын дамытуға арналған бес жылдық жоспарын таныстыру кезінде жасаған. Оның айтуынша, бұл экоолгияны жақсарту бағытында жасалған революциялық қадам болмақ. Министр автокөлік компанияларына ел билігінің бұл шешімі оңай тимейтінін жасырмады. Десе де ол көптеген компаниялар іштей жану қозғалтқышынан бас тарта бастағанын да жеткізді. Бұған қоса, министр ел аумағындағы көмір электрстанцияларының барлығы жабылатынын және ядролық электр энергиясының үлесін 75 пайыздан 50 пайызға дейін кемітілетінін мәлім етті.