G20 саммитіне наразылар Путин барған қонақүйге шабуылдаған

G20 саммитіне наразылар Путин барған қонақүйге шабуылдаған

G20 саммитіне наразылар Путин барған қонақүйге шабуылдаған
ашық дереккөзі
G20 саммитіне наразы болғандар Владимир Путин барған қонақүйге шабуылдаған. "Үлкен жиырмалық" саммиті өткен (7-8 шілде) Гамбургте жаһандануға қарсылар наразылық акциясына шықты. Жиналғандар полицейлерге шабуылдап, көліктер мен дүкен терезелерін шағып, Молотов коктейлін лақтырып, көшеге от қоюда. Әлем елдері көшбасшыларының қауіпсіздігі үшін қалаға 20 мың полицей тартылды. Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Facebook желісіне өртенген көліктердің видеосын жариялапты. "Мынау бүгінгі Гамбург. Сондағы әріптестер жіберген видеоны арнайы түсірмеген. Жолда көргендері. Көшелер соғыс алаңы болып барады... "Еуропалық бұзақылар" Гамбургты түтін тұмшалаған тозаққа айналдырған. Батыс медиасы осыны қолға алса болатын еді", - деп жазыпты ол.  БАҚ мәліметі бойынша, наразылық танытушылар Владимир Путин, Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Австралия премьері Малкольм Тернбулл барған қонақүйдің күзетшілеріне шабуылдаған. АҚШ-тың бірінші ханшайымы Мелания Трамп та ресми шараға кешіккен. Өйткені қауіпсіздік қызметі қонақүйден шықпауға кеңес берген екен.