Ресей Пхеньянды сынайтын қарарға қарсы шықты

Ресей Пхеньянды сынайтын қарарға қарсы шықты

Ресей Пхеньянды сынайтын қарарға қарсы шықты
ашық дереккөзі
Бейсенбі күні БҰҰ-дағы Ресей делегациясы Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымырандары сынағына қарсы қарарға қарсылық білдірді, деп хабарлады Reuters ақпарат агенттігі. Ресей бұл зымыранның құрлықаралық еместігіне назар аударып, АҚШ дайындаған қарар жобасын сынады. Америкалық әскери сарапшылар зымыранды құрлықаралық деп топшылайды. Ресей қарар жобасын өзгертуді ұсынды, бірақ америкалық дипломаттардың ресейлік әріптестермен келісер-келіспесі әзірге белгісіз. Мәскеудің бағасы бойынша, Солтүстік Корея сейсенбі күні орта қашықтыққа арналған зымыранын сынаған; Қытай бұл мәселеге қатысты ұстанымын жарияламады. Пхеньян болса зымыраннын құрлықаралық екенін мәлімдеп отыр. АҚШ оған сенеді - Солтүстік Кореяның Аляска және Гавай аралдарын соққылайтын қаруы бар деп есептейді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Ресейге сынақтан өткізілген зымыранның техникалық мәліметтерін беруге дайын екенін мәлімдеді. Ресей мақұлдамаса, Пхеньянға қатысты жаңа санкциялар қарастыратын қарар қабылдандайды.